Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Атырауда «Аманат» платформасында азаматтарды қабылдау: құқық қорғау және азық-түлік қауіпсіздігі

Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен «Аманат» партиясы платформасында азаматтарды қабылдау күні: құқықтарды қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңа құқықтық нормалар бойынша кеңестер

Атырау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы және қызметкерлерімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 тамызында “Аманат” партиясы ғимаратында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Азаматтарды қабылдау күні өткізілді.

Аталған іс-шара аясында азаматтарды қабылдап, олардың құқықтарын қорғау тұрғысында дер кезінде ден қоюға мүмкіндік беретін сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Сондай-ақ «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында сотқа дейінгі талап-арыздарды дайындау бойынша түсіндірмелер беріліп, ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Азаматтарды қабылдау барысында тұтынушыларға құқықтары түсіндіріліп, заң аясында кеңестік ағарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының жаңа нормалары мен «Е-тұтынушы» ақпараттық жүйесі түсіндірілді.

Обсуждение закрыто.